Жаңалықтар

Ақтөбеде ер адам сыныптасының үйінен зергерлік бұйымдарды ұрлаған

Ақтөбеде ер адам сыныптасының үйінен зергерлік бұйымдарды ұрлаған
Фото: © Polisia.kz 09.10.2023 14:33 532

Ақтөбеде 24 жастағы жігіт сыныптасына қонаққа келіп, үйдегі алтын зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

8 қазан күні  жас жігіт сыныптасына қонаққа келіп, пәтер иелері дастархан жайып жатқанда, қорапшадан алтын бұйымдарды ұрлап кеткен. Келтірілген шығын жалпы сомасы 460 мың теңге.

Осыдан кейін күдікті ломбардқа зергерлік бұйымдарды кепілге қойып, түскен ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл баптың санкциясында мүлкі тәркіленіп, айыппұл салу немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға