Жаңалықтар

Ақтөбеде екі көлік отқа оранды

Ақтөбеде екі көлік отқа оранды
Фото: © Kandinsky 13.02.2024 07:25 667

Ақтөбе қаласында бір сәтте екі көлік жанып кетті. Екеуі де отқа оранып түгі қалмаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ке сілтеме жасап. 

Ақтөбе қаласы Әлия Молдағұлова даңғылында орналасқан гипермаркеттің автотұрақ алаңында көлік өртенді. «Lexus RX» маркалы жеңіл автокөлігі жанып, кейін газ құрылғысы гүрс етіп жарылды.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, көлік өртенгенде жүргізуші алдымен өз күшімен сөндірмек болған. Өрт сағат 19:30-да сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Сонымен бірге Самара - Шымкент тасжолында жеңіл көлік өртенді.

Сағат 18:45-те Ақтөбе қаласы Алматы ауданы Рауан тұрғын алабында «УАЗ Патриот» маркалы жеңіл автокөлігі толықтай өртенді. Өрт сағат 18:53 оқшауландырылып, 18:55 сөндірілді Өрттің шығу себебі мен шығындары анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ,- деп хабарлады облыстық ТДЖ баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға