Жаңалықтар

Ақтөбеде екі адамды өлтірді деген 9 күдікті ұсталды

Бұған дейін полиция аса ауыр қылмыс жасады деген 3 күдіктіні ұстаған болатын
Ақтөбеде екі адамды өлтірді деген 9 күдікті ұсталды
Фото: Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі 28.10.2022 02:14 1775
Полиция қызметкерлері Ақтөбе қаласында екі азаматты өлтірді деген күдікке ілінгендердің барлығын анықтады, деп хабарлайды El.kz.

Бұған дейін полиция аса ауыр қылмыс жасады деген 3 күдіктіні ұстаған болатын.

"Облыс орталығынан 400 шақырым жерде орналасқан елдімекендердің бірінде тағы 6 күдікті ұсталды. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен (Кісі өлтіру) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", деп хабарлайды Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі.

Айта кетсек, 2022 жылы 26 қазанда Ақтөбеде Нокин көшесінде орналасқан монша кешеніне қарама-қарсы Елек өзенінің жағасынан белгісіз екі адамның денесі табылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға