Жаңалықтар

Ақтөбеде Димаш Құдайбергеннің 18 метрлік суреті салынды

Мурал ашық түсті, шынайы шыққан, әрі Димаштың қолтаңбасы салынған
Ақтөбеде Димаш Құдайбергеннің 18 метрлік суреті салынды
Фото: Q88 урбанистер ассоциациясы 28.10.2022 06:26 1960

Ақтөбедегі көпқабатты үйлердің бірінде Димаш Құдайбергеннің муралы пайда болды, деп хабарлайды El.kz.

Әншінің муралын Q88 урбанистер ассоциациясы мен Almaty Creative командасы бірлесіп салған. Мурал ашық түсті, шынайы шыққан, әрі Димаштың қолтаңбасы салынған.

"Суретшілер муралды салу кезінде граффитиге арналған аэрозольді сырларды пайдаланды. Олар кез-келген ауа-райына шыдас береді. Муралдың биіктігі 18 метрге жуық," - дейді жобаның бастамашылары.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға