Жаңалықтар

Ақтөбеде бір топ адамды қарда жүретін көлік қағып кетті

Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті
Ақтөбеде бір топ адамды қарда жүретін көлік қағып кетті
Фото: polisia.kz 28.01.2023 21:35 954

Ақтөбеде демалыс базасының бірінің аумағында қарда жүретін көлік бір топ адамды қағып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ағымдағы жылдың 28 қаңтарында сағат 15:30-да демалыс базасының аумағында 2007 жылы туылған кәмелетке толмаған азамат қарда жүретін Lynx автокөлігін жүргізіп келе жатып, жабдықталған қар сырғымасының жанында тұрған бір топ адамды қағып кетті.

Оқиға салдарынан 40 жастағы әйел қайтыс болды, 49 жастағы ер адам мен бес кәмелетке толмаған бала, оның ішінде бір жасар бала медициналық мекемеге жатқызылды.

Аталған факті бойынша Ақтөбе облысы Полиция департаменті департаменті тексеру жүргізіп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға