Жаңалықтар

Ақтөбеде азаматтарды валюта айырбастаймын деп алдаған жігіт ұсталды

Ақтөбеде азаматтарды валюта айырбастаймын деп алдаған жігіт ұсталды
Фото: polisia.kz 18.09.2023 17:35 342

Ақтөбеде азаматтарды валюта айырбастаймын деп алдаған жігіт ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Полиция мәліметінше, 28 жастағы ақтөбелік бірқатар алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды. Ұсталған адам ақша айырбастағысы келген өзінің таныстарына тиімді шарттармен ұлттық валютаны АҚШ долларына айырбастауды жүзеге асыруды ұсынған.

Тергеу кезінде күдіктінің тағы осындай 5 фактіге қатысы бар екені анықталды. Тергеу барысында белгілі болғандай, ол бір долларды 300 теңгеден айырбастайтынын айтып, бір азаматтан 900 мың теңгені иеленсе, екіншісінен осындай жолмен 3 миллион теңге алған.

Анықталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға