Жаңалықтар

Ақтөбеде аялдаманың шатыры құлап, бірнеше адам жарақат алды

Ақтөбеде аялдаманың шатыры құлап, бірнеше адам жарақат алды
Фото: видеодан алынған кадр 18.04.2024 09:22 312

Ақтөбе қаласында тосын жағдай орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Молдағұлова даңғылында аялдаманың шыны жабынына жарнама щитін орналастырып жатқан кезде құрылымның бір бөлігі құлап, аялдаманың үстіне түсіп, шатырын құлатты. Қираған шатырдың бөлшектері автобус күтіп тұрған үш әйелдің үстіне түсті.

Полиция өкілдері зардап шеккен адамдар ауруханаға жатқызылғанын жеткізді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жарақат алғандардың денсаулығына қаншалықты зиян келгені жөнінде ақпарат жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға