Жаңалықтар

Ақтөбеде автобус пен жеңіл көлік соқтығысты: Қаза болғандар бар

Ақтөбеде автобус пен жеңіл көлік соқтығысты: Қаза болғандар бар
Фото: © Polisia.kz 22.08.2023 21:13 687

Ақтөбе қаласында автобус жеңіл көлікпен соқтығысып, салдарынан жолаушы көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін сағат 15:00 шамасында Ақтөбе қаласындағы Сейітов көшесінде ВАЗ-2107 автокөлігі мен DAEWOO автобусы соқтығысқан. Салдарынан ВАЗ-да отырған жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды, - делінген Ішкі істер ведомствосы таратқан хабарламада.

Сол көліктегі 10 жасар бала ауруханаға жатқызылды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға