Жаңалықтар

Ақтөбеде Астана күнінде 19 сәби дүниеге келді

Ақтөбеде Астана күнінде 19 сәби дүниеге келді
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі 07.07.2023 16:26 1448

Астана күні мерекесінде Ақтөбе қаласында 19 сәби жарық дүние есігін ашты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда күні өңірдің перинаталдық орталықтарында 19 сәби дүниеге келсе, оның ішінде 11-і - қыз және 8-і - ұл сәби бар. 

Аймақ әкімі облыстық перинаталдық орталыққа барып, аналарды балаларын дүниеге аман әкелуімен арнайы құттықтаған. Мұнда бүгін 5 қыз және бір ұл туғаны айтылды. 

Медина - Қаракөз Ешниязованың көптен күткен қуанышы, тұңғышы екен. Жанерке Серік пен Аида Хайруллина көпбалалы отбасы атанғанын атады. 

«Бүгін сіз және сіздің отбасыларыңыз үшін қос мереке. Сіздерге және жаңа туған нәрестелерге зор денсаулық, бақыт, амандық тілеймін. Балалар еліміздің мақтанышына айналсын», - деп ақжарма тілегін білдірген өңір басшысы аналарға сыйлықтар табыс етті. 

Астана күнін мерекелеу аясында өңірде 100-ден астам мерекелік шара ұйымдастырылған. Ақтөбедегі алаңдар мен саябақтарда дәстүрлі мерекелік бағдарламалардан бөлек, облыс тұрғындары мен қонақтары көрмелерге, жәрмеңкелерге, концерттік бағдарламаларға қатыса алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға