Жаңалықтар

Ақтөбеде асфальт опырылып түсті

Ақтөбеде асфальт опырылып түсті
Фото: Ақтөбе облыстық әкімдігі 28.03.2024 04:16 340

27 наурызда Ақтөбедегі Есет батыр тұрғын алабында жол опырылып түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақтөбе облыстық әкімдігінің мәліметінше, «Қазмұнайгаз» жанар-жағармай құю бекетінен бастап жол жабық.

Көліктер уақытша Қарғалы тұрғын алабы және Кірпішті ықшамауданы арқылы жүретін болады. 12-шағын аудандағы  айналма жолдың тұсынан мал базарға апаратын жол жабық, - делінген мәліметте.

Әкімдік бұл бағыттарда жол қозғалысы бір-екі күннің ішінде қалпына келтірілетінін алға тартты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға