Жаңалықтар

"Ақтөбеде ақпараттық қауіпсіздік бойынша семинар өтті

"Ақтөбеде ақпараттық қауіпсіздік бойынша семинар өтті
Фото: Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 23.12.2023 06:17 1058

20-21 желтоқсанда Ақтөбе қаласында ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік) мәселелеріне арналған облыстың мемлекеттік және квазимемлекеттік кәсіпорындарының қызметкерлеріне арналған семинар өтті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің мемлекеттік қызметшілерінің хабардарлығын, сондай-ақ квазимемлекеттік кәсіпорындар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында ұйымдастырылды.

Жиынға кәсіпорындардың 100-ден астам қызметкері қатысты.

Семинарда қатысушылар кибергигиена шараларын сақтау негіздерімен, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заңнамалық актілермен танысты.

Спикерлер әлеуметтік инженерия және фишингтік шабуылдар, жеке деректерді қорғау және ақпараттың құпиялылығы, зиянды бағдарламаларды анықтау және алдын алу, сондай-ақ Reverse Engineering: зиянды бағдарламалармен күресу және осал тұстарды талдау мәселелері бойынша негізгі ойларын бөлісті.

Іс-шараны Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті «MSSP.GL» ЖШС-мен бірлесіп ұйымдастырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға