Жаңалықтар

Ақтөбеде алаяқтар зейнеткердің 15 млн теңгесін алдап алған

Ақтөбеде алаяқтар зейнеткердің 15 млн теңгесін алдап алған
Фото: t.me/POLICE_of_KZ 18.07.2023 16:15 722

Ақтөбеде зейнеткерлерді алдап, ірі көлемдегі ақшасын иеленген алаяқтар ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі полицияға сілтеме жасап.

13 шілде 84 жастағы қала тұрғыны полиция бөліміне алданғанын айтып арызданды.

Зейнеткердің айтуынша, белгісіз тұлғалар қызының жол апатына тап болғанын және оған ота жасау үшін ірі көлемде ақша қажет екенін айтқан.

Ақшаны аудару кезінде 3 алматылық күдікті ұсталып, изоляторға қамалды.

Ұсталғандардан 15 млн теңге тәркіленді, олар банк терминалы арқылы ақшаны сыбайластарының шотына жібермек болған.

Ақтөбеде алаяқтар зейнеткердің 15 млн теңгесін алдап алған
t.me/POLICE_of_KZ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға