Жаңалықтар

Ақтөбеде адамдар отырған көлік мұз астына түсіп кетіп, бір адам қаза тапты

Ақтөбеде адамдар отырған көлік мұз астына түсіп кетіп, бір адам қаза тапты
Фото: Ақтөбе облысы ТЖД 09.01.2024 14:02 767

Ақтөбе облысындағы Шалқар көліне жеңіл көлік түсіп кетіп, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің мәліметінше, ВАЗ-2110 көлігінде үш адам болған. Жүргізуші мен бір жолаушы автомобильден шығып үлгерген, бір адам қаза тапты.

Жағаға 1980 және 1971 жылы туған екі ер адам өз бетімен шықты. Құтқарушылар оларды жылжымалы уақытша жылыту пунктіне орналастырды. Медициналық көмек қажет болған жоқ, - делінген Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарламасында.

Құтқарушылар мұз астына түсіп, суға батып кеткен ер адамның денесін алып шықты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға