Жаңалықтар

«Ақтөбе» сапына бойы 2 метр нигериялық шабуылшы қосылды

«Ақтөбе» сапына бойы 2 метр нигериялық шабуылшы қосылды
Фото: instagram.com/fcaktobe_official 18.02.2024 05:10 734

27 жастағы нигериялық Элеке Чибуике Блессинг «Ақтөбе» клубының сапына қосылды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Футболшы ақтөбеліктердің қатарына Түркияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиындарында қосылды.

Бойы екі метрге жетеғабыл орталық шабуылшы словениялық «Горица» мен «Олимпия» (Любляна), израильдік «Ашдод», швейцариялық «Люцерн», бельгиялық «Беерсхот», түркиялық «Генчлербирлийи» және кәрістің «Кашима Антлерс» клубтарында өнер көрсеткен.

Нигериялықтың нарықтағы құны 400 мың еуроны құрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға