Жаңалықтар

Ақтөбе қаласының күніне орай бәйге өтті

18.05.2025 17:05 442
Ақтөбе қаласының күніне орай бәйге өтті

Жеңістің 80 жылдығы мен Ақтөбе қаласының күніне орай ұлттық бәйге жарысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойы мен Ақтөбе қаласының күніне арналған мерекелік шаралар аясында ұлттық спорттың шоқтығы биік түрі — бәйге жарысы ұйымдастырылды. Ақтөбе қаласында бұл жарыс соңғы төрт жылда алғаш рет өткізіліп отыр.

Дүбірлі жарысқа Батыс Қазақстан, Атырау, Жамбыл, Маңғыстау, Қостанай облыстарынан келген сәйгүліктер қосылып, барлығы 94 ат шапты.

Сәйгүліктердің кең далада құйғыта шауып, шеберлік пен төзімділік танытуы — ата-бабадан қалған асыл мұраны ұлықтаудың жарқын көрінісіне айналды. Бұл жарыс тек спорттық бәсеке ғана емес, халқымыздың рухы мен дәстүрін дәріптейтін тағылымды шара болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға