Жаңалықтар

Ақтөбе облысының АӨК қолдауына 15,1 млрд теңге бөлінді

Ақтөбе облысының АӨК қолдауына 15,1 млрд теңге бөлінді
Фото: gov.kz 24.12.2023 23:03 461

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында өңірдің бірнеше кәсіпорындарына барып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

АШМ басшысының орынбасары "Айс плюс" ЖШС сүт өңдеу зауытының жұмысымен және «KazFeltek» ЖШС қой жүнін өңдеу зауытының құрылысымен танысты. Сонымен қатар, "Айс плюс" ЖШС аумағында Аманғали Бердалин өңірдің шаруаларымен кездесті.

Кездесудің басында вице-министр егін жинау науқаны кезінде қолайсыз ауа-райына байланысты туындаған мәселелерге қарамастан нәтижеге жеткендері үшін шаруаларға алғыс айтты. Қиындықтарға қарамастан, аймақта егін жиналып, жалпы алғанда 428,5 мың тонна дәнді дақылдар, 86,3 мың тонна көкөніс дақылдары, 17,7 мың тонна бақша дақылдары, 109,8 мың тонна картоп, қыстауға 2807,2 мың тонна шөп жиналды. Бұл жұмыстарға шаруаларға жеңілдікті бағамен 14,0 мың тонна дизель отыны бөлінді.

Бұдан әрі Аманғали Бердалин қатысушыларға мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді: 2023 жылы Ақтөбе облысының АӨК қолдауына 15,1 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде: өсімдік шаруашылығына - 1,2 млрд теңге, мал шаруашылығына – 8,3 млрд теңге, қаржы құралдарына - 5,2 млрд теңге. "Ауыл аманаты" бағдарламасы аясында өңірге 16 млрд теңге бөлінді, соның арқасында фермерлер 799 шағын несие алды. 19 желтоқсандағы жағдай бойынша облыста 7,9 млрд теңгеге 16 инвестициялық жоба іске асырылуда, 2024 жылға 45,7 млрд теңгеге 34 жобаны іске асыру жоспарланған. Сонымен қатар, СҚО тәжірибесі бойынша "Айс плюс" сүт өңдеу зауытына СТФ құрылысына және өндіріс көлемін ұлғайтуға 2 млрд теңге бөлінді.

АӨК-ті субсидиялау мәселесі өңірдегі фермерлер үшін ең өзекті мәселелердің бірі болғандықтан, Аманғали Бердалин осы мәселеге жеке тоқталды. Ол Қазақстанда негізгі мемлекеттік ақпараттық базалармен интеграцияланған субсидиялаудың тегін ақпараттық жүйесі енгізілгенін еске салды. Осының арқасында бұрын жеке жүйеге қол жеткізу үшін төлеген фермерлердің шығындары қысқарып ғана қоймай, фермерлерді мемлекеттік қолдаумен қамту да артты. Сондай-ақ маңызды инновацияның бірі АШТӨ үшін "күту парақтары" және арзандатылған дизель отынын бөлудің толық автоматтандырылған процесі.

Өз кезегінде шаруалар вице-министрден Ауыл шаруашылығы министрлігі жанынан Агробанк ашу қаншалықты мүмкін екенін сұрады. Аманғали Бердалин, Агробанкті құру мәселесі бірнеше рет талқыланды, бірақ бірнеше мәселе бар, ең алдымен – мұндай банктің қызметін реттейтін жеке заң қабылдау. Сонымен қатар, қолданыстағы заңнама республикада мемлекеттің қатысуымен мамандандырылған салалық банктер құруға жол бермейді. Алайда, Ауыл шаруашылығын қаржыландыруды кеңейтудің маңыздылығын ескере отырып, Министрлік Агробанк құрудың өзектілігі мен қажеттілігін мойындайды. Сондықтан ведомство бұл мәселені мемлекеттік органдармен және мүдделі тараптармен жан-жақты зерттеуге дайын екенін атап өттіү

Шаруаларды толғандырған несиелеу шарттарын жеңілдетуге келетін болсақ "АКК" АҚ фермерлердің қаржылық қызметтерді алу ыңғайлылығын арттыру үшін процестерді автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізді. Мемлекеттік деректер базасымен және 50-ден астам сервистермен интеграцияланған микрокредиттеуге өтінімдерді қарау бойынша онлайн-платформа жұмыс істейді, бұл несие бойынша алдын ала шешім алу уақытын 5 минутқа дейін қысқартты. Аманғали Бердалин фермерлер енді Kaspi.kz, Homebank, BCC, Kazpost платформалары арқылы несие төлемдерін жасай алатынын еске салды. Шаруалардың қаржыландыруға өтінім беруге және онлайн режимінде ақпарат пен анықтама алуға мүмкіндік беретін "АКК" АҚ мобильді қосымшасын әзірлеу аяқталу сатысында екені айтылды.

Кездесу барысында дизель отынының бағасын төмендету мәселелері де айтылды. Аманғали Бердалин Ақтөбе облысында егін жинау жұмыстарын жүргізуге 14,0 мың тонна бөлінгенін түсіндірді. Энергетика министрлігімен бірлесіп бекіту кестесіне сәйкес, МӨЗ-бен дизель отынына бекітілген баға-250 теңге/литр, бұл нарықтық бағадан 15%-ға арзан (оның ішінде Ақтөбе облысы бойынша-250 теңге/литр). Бұл ретте жеңілдікті дизель отынының көрсетілген бағасы республиканың барлық өңірлері үшін бірыңғай Энергетика министрлігімен белгіленген.

2023 жылдан бастап инвестициялық субсидиялау мен сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялаудың бюджеттік бағдарламаларын қаржыландыру жергілікті бюджеттер базасына берілді. Биыл Ақтөбе облысы бойынша субвенциялармен шығыстар берілді: инвестициялық субсидиялауға - 2,7 млрд теңге; сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға-2,5 млрд теңге. 20 желтоқсандағы жағдай бойынша Ақтөбе облысының әкімдігі бөлген қаражат толық көлемде игерілді, деп АӨК субъектілеріне несие беру кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау туралы сұраққа Аманғали Бердалин жауап берді,

Кездесу соңында Аманғали Бердалин шаруалар көтерген барлық мәселелер мен ұсыныстар міндетті түрде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі деңгейінде қаралатынын атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға