Жаңалықтар

Ақтөбе облысындағы тағы бір ауданда төтенше жағдай жарияланды

Ақтөбе облысындағы тағы бір ауданда төтенше жағдай жарияланды
Фото: gov.kz 24.03.2023 14:26 883

Ақтөбе облысы Ойыл ауданында жергілікті ауқымда төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі әкімдік сайтына сілтеме жасап.

Ойыл ауданы әкімдігінің мәліметінше, 20 наурыздан бастап жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланғаны туралы жазылған. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды аудан әкімі Асқар Қазыбаевтың өзі басқарады. Ақтөбе облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауданда 11 үйді су басқан.

Су тасқынында 11 үйге су кірді. Оның үшеуі – бос тұрған үй. 2 үйдің дәлізіне зақым келген. 12 аула аумағын (сарай, қора) су шайды. Адам өлімі, мал шығыны жоқ, - деп хабарлады облыс әкімі баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Ақтөбеде Ойыл өзені тасып, тұрғындар эвакуацияланған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға