Жаңалықтар

Ақтөбе облысындағы су тасқыны: Отбасыларға қажетті көмек көрсетіліп жатыр

Ақтөбе облысындағы су тасқыны: Отбасыларға қажетті көмек көрсетіліп жатыр
Фото: ТЖМ 20.03.2023 17:59 841

Қазіргі уақытта Ақтөбе облысының басшылығы Қобда ауданы Қобда кентіндегі, Ойыл ауданы Қаратал кентіндегі су тасқыны салдарынан зардап шеккен отбасыларға барлық қажетті көмекті көрсетіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТЖМ-ге сілтеме жасап.

14-19 наурыз аралығында Ақтөбе облысында 475 036 м3 су сорылды, 29 333 дана қапшықтар төселді. 1 учаскеде су бұруға арналған траншеялар қазылды, ұзындығы 3600 м жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілді, 14 637 м3 инертті материал әкелінді, ұзындығы 325 метр уақытша бөген салынды. 593 550 мың текше метр қар шығарылды.

Жергілікті атқарушы органдардың залалды бағалау жөніндегі комиссиясы жұмысын жалғастыруда, үйлер мен аула аумақтарына тексеру жүргізілуде.

Суды сору бойынша жедел жұмыстар тәулік бойы облыстың Ойыл ауданының 5 үйі мен 25 ауласының аумағында жүргізілуде.

Жалпы, Ақтөбе облысы бойынша су тасқыны кезеңі басталғанға дейін жүргізілген су өткізгіш құбырларды орнату, арық жүйесін тазарту, қар шығару бойынша су тасқынына қарсы алдын алу іс-шаралары су тасқыны қаупін азайтуға ықпал етті.

Қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан инженерлік және басқа да жұмыстар температуралық фонның күрт жоғарылауымен және топырақтың максималды қату көрсеткіштері жағдайында қардың күрт еруімен байланысты күрделі гидрометеорологиялық жағдайларда жағдайды тез тұрақтандыруға ықпал етеді.

Су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға