Жаңалықтар

Ақтөбе облысындағы газ өңдеу зауытында төрт жұмысшы күйіп қалды

Ақтөбе облысындағы газ өңдеу зауытында төрт жұмысшы күйіп қалды
Фото: ТЖД баспасөз қызметі 02.05.2023 09:26 914

Ақтөбе облысы Жаңажол кен орнындағы №2 газ өңдеу зауытынан өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

1 мамыр сағат 15:55 шамасында "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ №2 газ өңдеу зауытының аумағында УПЛУ-1 (жеңіл көмірсутектер алу қондырғысы) өртенді.
 
Күйік шалған 4 жұмысшы тез арада Темір ауданы орталық ауруханасына жатқызылды. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты ауыр, - делінген хабарламада.
 
Оқиғаның себеп-салдары анықталады. Өрт 2 мамыр таңғы сағат 06.20-да толықтай сөндірілді.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға