Жаңалықтар

Ақтөбе облысында жол апаты болып, 3 адам қаза тапты

Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталуда
Ақтөбе облысында жол апаты болып, 3 адам қаза тапты
Фото: polisia.kz 23.04.2023 16:30 939

Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап. 

Жол апаты 23 сәуірде Хромтау ауданының Жазық ауылының маңында Самара-Шымкент автожолында орын алды. «ВАЗ-2110» және Toyota маркалы автокөліктері соқтығысқан.

«ВАЗ» автокөлігінің 3 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, жүргізушісі аудандық ауруханаға жеткізілді.

Сотқа дейінгі тергеу басталды және жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталуда. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға