Жаңалықтар

Ақтөбе облысында жоғалған баланың бірі суға батып кеткен

Ақтөбе облысында жоғалған баланың бірі суға батып кеткен
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі 28.05.2023 13:48 766

Ақтөбе облысында жоғалып кеткен екінші баланың денесі су астынан табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Өңірге қарасты Ырғыз ауданында кеше сыртқа шығып, кейін із-түссіз жоғалған балалардың бірінің мәйітін іздеушілер тауып алды. 

28 мамырда сағат 1.25-те ТЖД Жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері 12 жасар баланың денесін судан 5 м тереңдікте және жағадан 6 м қашықтықта судан шығарды, - деп хабарлады жексенбіде өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

27 мамырда таңертең екі 12 жасар жасөспірім ауыл сыртына бұзау іздеуге бірге шығып, қайтып оралмаған болатын. Кейін өзеннен жоғалған балалардың бірінің денесі табылған еді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға