Жаңалықтар

Ақтөбе облысында жасөспірімді соққыға жыққан күдіктілер анықталды

Ақтөбе облысында жасөспірімді соққыға жыққан күдіктілер анықталды
Фото: polisia.kz 29.04.2023 21:30 1010

Ақтөбе облысында құрдастарын себепсіз ұрып-соққан бір топ бала анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап. 

28 сәуір әлеуметтік желілерді мониторинг жұргізу барысында бір топ жастар өз құрдастарын ұрып-соғып жатқан бейне анықталды.

Полиция қызметкерлері осы ақпаратты тексеру барысында Алға қаласында Niva автокөлігімен жүріп келе жатқан бірнеше кәмелетке толмағандар өз құрдастарын көшеде кездестіріп, оларды себепсіз ұрып-соққаны анықталды .

Оқиғаға қатысушылар анықталып, полиция бөліміне жеткізілді, онда олармен және ата-аналармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігі "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталғандардың бірінің ата-анасына тиесілі көлік арнайы тұраққа қойылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға