Жаңалықтар

Ақтөбе облысында су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізілуде

Ақтөбе облысында су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізілуде
Фото: ТЖМ 09.03.2024 21:09 481

Бүгінгі күні ұзындығы 16 км су тасқыны қаупі бар өзендердің түбін тереңдету, жағалауды нығайту, тазарту бойынша жұмыстар жүргізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Су өткізу құрбырларын, арықтар мен каналдарды тазарту жұмыстары жалғасуда.

Су тасқыны жағдайы күрделенген жағдайға әкімдікпен бірлесіп, жалпы саны 1 638 адам, 350 техника, 66 жүзу құралы, 232 мотопомпадан тұратын күштер мен құралдар дайындыққа келтірілді. Жанар-жағар май, инертті материалдар, қаптар қорлары дайындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға