Жаңалықтар

Ақтөбе облысында қар құрсауында қалған жолаушылар құтқарылды

Ақтөбе облысында қар құрсауында қалған жолаушылар құтқарылды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі 10.03.2024 12:43 426

Ақтөбе облысы Темірбек Жүргенов кентінен 3 шақырым жерде, "Қарабұтақ-Комсомол-Қостанай" автожолының 80-шақырымында жолаушылар автобусы бұзылып қалып, жолаушылары құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Құтқарушылар техникалық ақауы бар көліктегі азаматтарды Т. Жүргенов ауылының мешітіне қоныстандырды. 

Жолаушылар автобусында 17 азамат болды, олар Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары. Медициналық көмек қажет болмады, - деп жазылған ТЖМ таратқан ақпаратта. 

Құтқарушылар алыс жолдарға шығу кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды қаперге салады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға