Жаңалықтар

Ақтөбе облысында полицейлер қар құрсауында қалған жолаушыларды құтқарды

Ақтөбе облысында полицейлер қар құрсауында қалған жолаушыларды құтқарды
Фото: Видеодан кадр 09.02.2024 18:26 440
Ақтөбе облысында полицейлер автотрассалардан көлік колонналарын шығаруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ауа райының жақсаруына байланысты Самара-Шымкент (Ақтөбе-Хромтау-Қарабұтақ бағыты) тас жолынан басқа барлық автожолдар ашық. Полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көлік құралдарын сүйемелдеу жұмыстарын ұйымдастырды.

Қазіргі уақытта автожол қызметтерімен Ақтөбе қаласынан Қарабұтақ ауылы бағытындағы автожолды тазарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл жол учаскесін тазалауға жолдарда тұрған жүк көліктерінің көптігі қиындық тудырып отыр.

Полиция департаменті азаматтардан қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға