Жаңалықтар

Ақтөбе облысында бұрынғы әкім 3 жасар қызды зорлады

Ақтөбе облысында бұрынғы әкім 3 жасар қызды зорлады
Фото: © Unplash 15.05.2024 16:32 1449

Ақтөбе облысында 3 жасар қыздың зорланғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы «Немолчи» қорының басшысы Дина Таңсәрі жазды.

Анасының айтуынша, қыз әкесінің туыстарына барған. Үйіне келгенде көкесінің тиіскенін айтып, шағым жасаған. Анасы баланы ауруханаға апарған. Дәрігер артқы жағында 2 сантиметр сызат барын растаған. Әйел дереу полицияға арыз берді, бірақ күдікті жазадан сытылып кете ме деп қорқады. Айтуынша, ол бұған дейін полиция қызметкері, тіпті әкім болған. Оны ауылдағылардың бәрі таниды, таныстарының көмегімен істі жылы жаба ма деп алаңдаулы, – деді Таңсәрі.

Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Барлық қажет сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша заңды шешім қабылданады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға