Жаңалықтар

Ақтөбе облысында ауа райына байланысты жабылған жолдар ашыла бастады

Ақтөбе облысында ауа райына байланысты жабылған жолдар ашыла бастады
Фото: © Pixabay.com 10.02.2024 16:17 477
Ақтөбе облысында ауа-райына байланысты жабылған жолдар ашыла бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тек Ақтөбе-Орск тас жолының Ш.Қалдаяқов ауылынан РФ шекарасына дейінгі бөлігі жүк және қоғамдық көліктер үшін ғана жабық тұр. Басқа жолдар ашық.

Самара-Шымкент тас жолындағы жағдай да ерекше бақылауда. Әсіресе, адамдар көп қатынайтын Хромтау мен Ақтөбе арасындағы жеңіл көліктер мен жанармай, азық-түлік тасымалдушы ауыр техникаларды полиция таңертең сағат 08.00-ден бастап діттеген жерлеріне жеткізіп салып жатыр. 

Сонымен қатар, Ақтөбе қаласынан Қарабұтақ ауылы бағытындағы жолды қар мен мұздан тазарту жұмыстары жүруде. Жол учаскелерін тазалауға жүк көліктерінің көптігі қиындық тудырып отыр.

Полиция департаменті азаматтардан қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды. 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға