Жаңалықтар

Ақтөбе облысында 14 қылмыссыз ауыл бар

Ақтөбе облысында 14 қылмыссыз ауыл бар
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі 20.08.2023 21:09 882

Бұған дейін Ақтөбе облысының алты ауданында орналасқан 10 ауылда соңғы екі жылда қылмыс тіркелмеген еді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақтөбе облысы әкімдігінің мәліметінше, енді араға үш ай салып қылмыссыз ауылдардың қатары артты. Бүгінде 14 ауыл өзгеге үлгі.

Олар - Ырғыз ауданының Құрылыс, Шеңбертал, Жаныс би, Құйлыс, Алға ауданының Амангелді, Мұғалжар ауданының Бұлақты, Миялыкөл, Темір ауданының Тасқопа, Әйтеке би ауданының Ақкөл, Ақтасты, Толыбай, Қайрақты, Хромтау ауданының Тассай сияқты ауылдары. 

Облыс әкімі Е.Тоғжановтың тапсырмасына сәйкес «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 9 жоба мақұлданған. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты — ауыл тұрғындарының әл-ауқаты мен тұрмысын жақсарту. Ауылдағы ағайын құс өсіріп, өсімдік егіп, шағын бизнес асып, табысқа жетуде. 

Ауылдың аты айтып тұрғандай, айналасы бұлаққа толы мекеннің маңында ежелгі тарихи ескерткіштер табылған. Бүгінде Мұғалжар ауданы бойынша географиялық жағынан 5 киелі орын анықталса, соның екеуі Бұлақты маңында орналасқан. Олар —Төлеубұлақ петроглифтері мен Қарағұл кесенесі. Бүгінгі күні бұл ескерткіштер мемлекеттің қорғауына алынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға