Жаңалықтар

Ақтөбе мен Семей қалаларында әскерге шақырылушыларды салтанатты шығарып салу рәсімдері өтті

Ақтөбе мен Семей қалаларында әскерге шақырылушыларды салтанатты шығарып салу рәсімдері өтті
Фото: Қорғаныс министрлігі 09.10.2023 23:08 210

Ел өңірлерінде әскер қатарына алынғандарды жөнелту жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қырықтан астам мерзімді қызметін өткеруге алынған азаматтар Ақтөбе қаласынан Ақтау қаласының 25744 әскери бөлімінің теңіз жаяу әскерлері бригадасына қызмет етуге аттанды. Оларды шығарып салу Орталық мәдениет және демалыс саябағында әскери оркестрдің сүйемелдеуімен өтті.

Шараға Ақтөбе гарнизонының әскери қызметшілері, Әуе қорғанысы күштері әскери институтының курсанттары, Қарулы күштердің ардагерлері, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері және әскерге шақырылушылардың туған-туыстары қатысты.

Әскер қатарын енді толықтыратындарға арнап қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Әділет Отарбаев сөз сөйледі. Ол әскерге шақырылушыларды алдағы маңызды қадамымен құттықтап, әскери есептік мамандықты меңгеруде сәттілік тіледі.

Абай облысынан жиырма адам Ақтау гарнизонына қызмет етуге аттанды. Оларды салтанатты шығарып салу рәсімі Семей қаласының облыстық шақыру пунктінде ұйымдастырылды. Жиынға ата-аналар Отан алдындағы әскери борышты өтеудің маңызды және армияның нағыз ер азамат болып қалыптасудағы рөлі зор екенін айтты.

Абай өңірлік гарнизоны 54835 әскери бөлімінің ұшу-қону жолағында Ан-26 ұшағының экипажы жас толымды күтті.

Қызмет орнына Талғат Бигелдинов атындағы Ан-26 әскери ұшағымен ұшатынымыз өзі бір мерейлі сәт болды. Бұл мені жігерлендірді. Әскерде абыроймен борышымды өтеуге тырысамын.  Армиядан алған тәжірибем кәдеге жарарына сенімдімін, – деді әскерге шақырылушы Арман Амангелді.

Қорғаныс министрлігі тарапынан мерзімді қызметтің әскери қызметшілеріне жеңілдіктер беруге жағдай жасалып жатқанын айта кетелік. Оларға кредиттік демалыс беріледі, ал борышын өтегендер ЖОО-ға ҰБТ тапсырусыз, ал жауынгерлік даярлық үздіктері тегін оқуға түсе алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға