Жаңалықтар

Ақтөбе мен Қостанайдағы су айдау жұмыстарына ТЖМ әскери қызметшілері көмекке келді

Ақтөбе мен Қостанайдағы су айдау жұмыстарына ТЖМ әскери қызметшілері көмекке келді
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі 27.03.2024 00:39 321

Ақтөбе мен Қостанай облыстарына Төтенше жағдайлар министрлігі 20982 әскери бөлімінің қызметшілері мен техникалары жіберілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ведмоство мәліметінше, Ақтөбе облысының Шұбарқұдық кентіндегі жағдай тұрақты. 150-ден астам адам және 30 бірлік техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта жеке аулалардың жекелеген учаскелерінде су айдау жүргізілуде. Көмек көрсету үшін ауданға ҚР ТЖМ 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшлері және арнайы техникасы жіберілді. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. 

Ал ТЖМ 52859 әскери бөлімінің сарбаздары Қарағанды қаласынан Қостанай облысы Арқалық қаласына, Северный кентіне келді. Әскери қызметшілер су тасқыны жағдайында көмек көрсетуге кірісті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға