Жаңалықтар

Ақтөбе әуежайының жұмысы қалпына келтірілді

Ақтөбе әуежайының жұмысы қалпына келтірілді
Фото: ҚР ТЖМ / Видеодан алынған кадр 27.03.2024 23:04 345

Еріген қар суы астында қалған Ақтөбе әуежайының жұмысы жанданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, құтқарушылар күні бойы әуе айлағының аумағында су айдау жұмыстарын жүргізді.

ТЖМ күшімен Ақтөбе әуежайының жұмысы қалпына келтірілді. Күні бойы әуе айлағының аумағында Ақтөбе өңірінің құтқарушылары су айдау жұмыстарын жүргізді. Жергілікті атқарушы органдар өз кезегінде облыстық маңызы бар автожол учаскесін жасанды түрде жарып жіберді. Бұл жинақталған еріген суды ағызуға мүмкіндік берді. Себебі баламалы айналма жол бар, - делінген мәліметте.

Қазіргі уақытта рейстер жаңартылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға