Жаңалықтар

Ақтөбе әуежайында әуеайлақ тақталарын ауыстыру жұмыстары басталды

Ақтөбе әуежайында әуеайлақ тақталарын ауыстыру жұмыстары басталды
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі 19.08.2023 19:19 921

Ақтөбе әуежайында әуеайлақ тақталарын ауыстыру жұмыстары басталды. Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Ә.Молдағұлова атындағы Халықаралық әуежайға барып, жөндеу жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Атап айтқанда, мұнда әуе айлағының тақталарын ауыстыру және қайта жаңарту басталған. Әуежай әкімшілігі барлығы 1000-ға жуық тақтаны ауыстыру және жөндеу жоспарланғанын хабарлап отыр. Шаралар қараша айында аяқталуы керек. Айта кетейік, биылғы жылдың сәуір-мамыр айларында 100 плита ауыстырылды. 

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Ә.Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайға барып, жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Өңір басшысы жұмыстардың сапалы және уақытылы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға