Жаңалықтар

Ақтөбе әкімі ғасыр жасаған қарияны құттықтады

Ақтөбе әкімі ғасыр жасаған қарияны құттықтады
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі 16.03.2024 00:23 1733

Көрісу күнінде облыс әкімі Асхат Шахаров ғасыр жасаған қарияны мерекемен құттықтап барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кейуана Мария Уксукбаева  екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында тылда жұмыс істеген. Кейін құрылыс саласында еңбек еткен.

1950 жылы тұрмыс құрып, өмірге 8 бала әкелген, бүгінде балаларының, немере-шөбере, шөпшектерінің ортасында мәуелі бәйтеректей  болып отырған жайы бар.

Осыдан алты жыл бұрын Темір ауданынан көшіп келген кейуана бүгінде балаларының қолында Жаңақоңыс тұрғын алабында тұрып жатыр.

Бір жасыңыз құтты болсын. Көрісу күнінде сізге сәлем беріп кету үшін арнайы келдім. Балаларыңыздың барлығын аяққа тұрғызған батыр анасыз, көрген бейнетіңіздің зейнетін көріңіз, — деген өңір басшысы қарияға гүл шоғын ұсынды.

Батыр ана өзіне көрсетілген құрмет үшін ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға