Жаңалықтар

Ақтаулық жастар «Айрақты» тауында сенбілік ұйымдастырды

Ақтаулық жастар «Айрақты» тауында сенбілік ұйымдастырды
Фото: Ақтау қаласының әкімдігі 18.04.2024 19:46 256

Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» атты экологиялық акциясы аясында «Айрақты» тауының маңында тазалық жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тазалық жұмыстарына 30-ға жуық белсенді атсалысты. Олардың қатарында Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығының өкілдері және «Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық» колледжінің студенттері бар.

Шара барысында «Айрақты» тауының маңы қоқыстан тазартылды. Негізгі мақсат - жастарды қоршаған ортаға құрметпен қарап, тазалыққа баулу. Барша қазақстандықтарды және өңір тұрғындарын экологиялық акцияға белсенді қатысуға шақырамын, - деді «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің ғылыми басшысы Саламат Қалбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға