Жаңалықтар

Ақтаулық түлектерге «Алтын белгі» медалі табысталды

Ақтаулық түлектерге «Алтын белгі» медалі табысталды
Фото: Ақтау қаласының әкімдігі 15.06.2024 01:34 668

Ақтауда 35 түлек «Алтын белгі» иегері атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Марапаттау рәсіміне Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Нұртас Сали, қалалық білім бөлімі, ұстаздар мен ата-аналар қатысты. Бүгінде қала мектептерінде 62 792 оқушы білім алады. Биылғы оқу жылында 2 871 түлек мектеп бітірді. Оның 35-і «Алтын белгі», 174-і «Үздік аттестат» иегері атанды. Шарада Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Нұртас Сали сөз сөйлеп, түлектерге «Алтын белгі» медалін табыстады. 

Бүгін сіздер үшін де, ата-аналар мен ұстаздар үшін де есте қалар қуанышты сәт. Жауапкершілігі мол кезеңге аяқ басып отырсыздар. Мектеп қабырғасында алған білімдеріңіз болашақта тұлға болып қалыптасуларыңызға  септігін тигізеді. Осы оқу жылында көптеген оқушылар түрлі деңгейдегі пәндік олимпиадалар мен байқауларға қатысып, жоғары деңгей көрсетті. Өздеріңіз қалаған мамандықтың иесі атанып, еліміздің дамуына үлес қоса беріңіздер. Сәт сапар, жас түлек!, - деді Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Нұртас Сали.

Марапатталғандардың бірі «Qazbilim Aktau» ұлттық лицейінің түлегі Раушан Қаржаубай. «Алтын белгі» иегері ата-анасы мен ұстаздарына алғысын айтты.

«Алтын белгі» бұл 11 жылғы оқушының еңбегі деп білемін. Маған қолдау көрсеткен ата-анама, ұстаздарыма және Ақтау қалалық білім бөліміне алғысымды айтамын. «Алтын белгіге» ие болған барлық түлектерді құттықтаймын, - деді «Алтын белгі» иегері Раушан Қаржаубай.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға