Жаңалықтар

Ақтаудың бас шыршасы желге шыдамай құлап қалды

Ақтаудың бас шыршасы желге шыдамай құлап қалды
Фото: Видеодан алынған кадр 29.12.2023 10:30 654

Ақтау қаласының бас шыршасы жел екпініне шыдамай құлап қалды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Куәгерлер Ақтаудағы амфитеатр жанындағы жағалауға құлаған шыршаны видеоға түсірген. Әкімдік жел басылған соң, шыршаны қалыпқа келтіреміз деп отыр.

Ақтау тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Жанболат Жақыпов амфитеатр аумағының айналасында құрылыс алаңдары немесе ғимараттар болмағандықтан желдің екпіні қатты сезілетіндігін айтады. Шырша орнату кезінде барлық техникалық талап  орындалды. Мердігер шыршаны қайта орнату жұмыстарын кейін жүргізеді, - деді  ол.

Сондай-ақ, бөлім басшысы келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға