Жаңалықтар

Ақтаудағы "Кешкі шайда" тұрғындар үшін кеңес алаңы қызмет көрсетті

Ақтаудағы "Кешкі шайда" тұрғындар үшін кеңес алаңы қызмет көрсетті
Фото: Облыстық жастар ресурстық орталығы 23.06.2024 04:25 405

Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Ақтаудағы амфитеатр алаңында «Кешкі шай» шарасы аясында кеңес алаңы қала тұрғындарына қызмет көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Шара барысында көрмеге қатысқан Маңғыстау облыстық білім, денсаулық сақтау басқармалары, өңірлік мансап орталығы, облыстық кәсіпкерлер палатасы, аграрлық несие корпорациясы, Отбасы банкі, Есенов университеті ұжымдарының мамандары сұрақтарға жауап беріп, тұрғындар үшін аса пайдалы кеңес берді. 

Аталған көрмеде тұрғындардың өздерін қызықтырған мәселе бойынша тиісті мамандарға жүгінуіне мүмкіндік қарастырылды. Сонымен бірге биыл мектеп бітірген түлектер үшін қаладағы іргелі оқу орнының ұжымы тиісті бағыт-бағдар бергенін ерекше атауымыз керек.

"Кешкі шай" мәдени-әлеуметтік жобасында талапкерлердің университет павильонына көптеп барғаны байқалды. 

Биыл баласы мектеп бітірген Сәуле есімді қала тұрғыны көрме аясында кеңес қызметін жүгінгенін жеткізді.  

Баламыз мектеп бітіргенімен әзірге құжатты жоғары оқу орнына тапсырған жоқ. Өзі гуманитарлық бағытта оқығысы келеді. Есенов университеті арқылы еліміз бойынша басқа да оқу орындарына құжат тапсырудың жайы туралы сұрадық. Алда құжаттарын реттеген соң аталған білім ошағына баратын боламыз. Мамандар бізге не істеу қажеттігін айтты, - деді қала тұрғыны. 

Амфитеатр алаңында көрмеге жиналғандарды қарасы көп. Олардың дені сала мамандарына жүгінсе, кітапсүйер қауымға пайдалы әдебиеттер сатылымға шығарылды. Бұдан бөлек өздері ұсынған кітапта өзге де кітапқа ауыстырудың мүмкіндігі ұсынылды. 

Айта кететін жайт, бүгінгі шараға «Kitapal», «Жаным гүлдер орталығы», «Uide» антикафе, «MangystauPrint», «Sneakerhub», «Кеттік Маңғыстау», «Муслим Дзюдо клубы» және де «Aqtau Wood типографиясы» қолдау көрсетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға