Жаңалықтар

Ақтауда жолдарға 14,70 тонна тұз аралас қоспасы шашылды

Ақтауда жолдарға 14,70 тонна тұз аралас қоспасы шашылды
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі 14.01.2024 04:28 663

Ақтауда автомобиль және жаяу жүргіншілер жолына 20,10 м3 құм және 14,70 тонна тұз аралас қоспасын себілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Компания Строй Инвест 2020» ЖШС жұмысшылары 13.01.2024 жылы күндізгі кезекшілікте жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында ең алдымен көшелерге, аялдама, мектеп айналасы, балабақша, аурухана, баспалдақтар, жаяу жүргіншілер жолдарын тазалау жұмыстарын жүргізді. Аталған жұмыстарға 2 жауапты шебер, 16 жол жұмысшы, 7 жүргізуші, 4 МАЗ пескоразбрасыватель, 1 автотиегіш, 2 газель жұмылдырылды.

Күндізгі кезекшілікте мына мекен-жайларға 20,10 м3 құм және 14,70 тонна тұз аралас қоспасы себілді:

-№3 автожолы, «Тамшалы» ТҮК маңы;
-№21 автомобиль жолы, 26 және 28а шағын аудан аралығы;
-№7 автомобиль жолы, «Три короны» ТҮК маңы;
-№31 автомобиль жолы, Шығыс-2 мен Шығыс-3 шағын аудан аралығы;
-4а шағын аудан, «Ақбота» саябағы (спуск);
-№12 автомобиль жолы, 6 және 8 шағын аудан аралығы;
-33 және 34 шағын аудан аралығы;
- №1 автомобиль жолы, «Жігер» СҮ алды;
-№9 автомобиль жолы, «Заман» СҮ (спуск);
-№22 автомобиль жолы, «Олжа» сауда комплексінің маңы;
-№21 автомобиль жолы, 27 және 28 шағын аудан аралығы;
-№9 автомобиль жолы, 6а және 22 шағын аудан аралығы;
-№20 автомобиль жолы, «Ақтау» с/о алды;
-№20 автомобиль жолы, 13 және 17 шағын аудан аралығы;
-№15 автомобиль жолы, ХҚКО алды.

Сондай-ақ, шағын аудан ішілік жаяу жүргіншілер жолына, яғни тротуарларға  құм-тұз себу жұмыстарына «Ақжол+К» мекемесінен 150-ге жуық қызметкер жұмылдырылды. Мердігер мекеме қызметкерлері шағын аудан ішілік жолдарға 4 тонна құм-тұз аралас қоспаны себу жұмыстарын жүргізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға