Жаңалықтар

Ақтауда жол апатынан 4 адам зардап шекті

Ақтауда жол апатынан 4 адам зардап шекті
Фото: ІІМ-нің баспасөз қызметі 31.12.2023 05:29 803

29 желтоқсан күні 23:10 шамасында 12 шағынаудандағы «Анвар» гипермаркетінің маңында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

Toyota Land Cruiser Prado жүргізушісі жол қиылысында солға бұрылып, Lexus ES 330 көлігімен соғылды.

Апат салдарынан төрт адам зардап шегіп, бірден ауруханаға жеткізілді. Олардың екеуі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді.

«Toyota Land Cruiser Prado» автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік айып тұрағына қойылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға