Жаңалықтар

Ақтауда жасыл желектерді химиялық өңдеу жұмыстары жалғасуда

Ақтауда жасыл желектерді химиялық өңдеу жұмыстары жалғасуда
Фото: Ақтау қаласының әкімдігі 30.05.2024 06:27 392

Ақтауда жасыл желектерді зиянкестерден қорғау мақсатында  химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жұмыстарға 2 техника мен 9 қызметкер жұмылдырылды. Химиялық өңдеу жұмыстары сағат 21:00-03:00 аралығында жүргізіледі.

Мамыр айының басында Ж.Жиембаев атындағы «Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының» мамандары қаладағы жасыл желектерге мониторинг жүргізген болатын. Арнайы зертханада жүргізілген талдауға сәйкес тиісті ұсыныстар берілді. Осы ұсыныстар негізінде химиялық өңдеу жұмыстарына тля, короед, ильмовый листоед және тағы басқа зиянкестерге қарсы препараттар қолданылып отыр. «Децис» инсектицид концентрациясы адамдар мен жануарларға ешқандай қауіп келтірмейді. Қаладағы жасыл желектерді зиянкестерден қорғау мақсатында жүргізіліп отырған химиялық өңдеу жұмыстары жасақталған дендрологиялық жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда, - деді «Дезинфекция» медициналық мекемесінің басшысы Дәурен Тауасаров.

Химиялық өңдеу мына мекен-жайлар бойынша жүргізілді:
-«Шотан батыр» ескерткішінен бастап  «Ak kala mall» сауда орталығына дейін;
-6 шағын аудан «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясынан бастап 9 шағын аудандағы айналма жолға дейін
-8 және 10 шағын аудан арасындағы автомобиль жолының екі бағыты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға