Жаңалықтар

Ақтауда жасөспірім баланы судан құтқарды

Ақтауда жасөспірім баланы судан құтқарды
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 17.06.2023 18:55 813

Суға батып бара жатқан 12 жастағы жасөспірімді 16 жастағы алматылық тұрғын құтқарып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

Бейнежазбада дауыл кезінде теңізде шомылып жүрген баланың суға қалай батып жатқаны көрсетілген.

Досы оны құтқармақ болған, бірақ қатты толқыннан құтқара алмаған. Содан кейін 16 жастағы Әмір Аббасовтың суға батып бара жатқан жасөсіпірімге көмекке ұмтылғаны белгілі болы.

Құтқарушы бала Алматыдан Ақтауға демалысқа келген көрінеді. Ол баланы су ішінде шашынан ұстап, кейін жағаға алып шыққан. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға