Жаңалықтар

Ақтауда жартасты соқпақтың қауіпті аймағы жабылды

Ақтауда жартасты соқпақтың қауіпті аймағы жабылды
Фото: Ақтау қаласының әкімдігі 05.02.2024 19:20 902

Ақтаудағы 4 шағынаудандағы жартасты соқпақтың тас құлаған аумағы уақытша жабылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі мәлімдеді. Жартастың тас құлаған аумағына турникет қойылған. Сондай-ақ тұрғындар қауіпсіздігі үшін жартастың төбесін тормен қоршап қою туралы шешім қабылдаған.

Қазір әкімдікте жартас төбесінің қалай қоршалатыны туралы талқыланып жатыр. Нақты шешім шыққаннан кейін іске кірісеміз, - деді қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары Бақтияр Мақсат. 

Айта кетейік, кеше кешкі уақытта жартасты соқпақтағы бұлақ маңында тас аспалы жолға құлаған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға