Жаңалықтар

Ақтауда заңсыз әкелінген 1 млн қорап темекі тәркіленді

Құжатта темекінің орнына жарықдиодты шамдар көрсетілген
Ақтауда заңсыз әкелінген 1 млн қорап темекі тәркіленді
Фото: turkystan.kz 25.01.2023 18:12 1268

Заңсыз әкелінген тауарды Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері мен өңірдің экономикалық тергеулер бөлімі анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақтау теңіз портында Иран Ислам Республикасынан Алматы қаласына бағытталған контейнер тоқтатылды. Инспекциялық-тексеру құжатқа сәйкес жарықдиодты шамдардың орнына, 866 мың қорап темекі тасымалданған анықтады. 

Тергеу жүргізілуде, кедендік құн және кедендік төлемдер мен салықтар белгіленеді.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы бойынша өзге ақпарат тергеу мүддесін үшін жария етілмейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға