Жаңалықтар

Ақтауда XII жазғы Универсиаданың футзал ойындары аяқталды

Ақтауда XII жазғы Универсиаданың футзал ойындары аяқталды
Фото: Есенов университетінің баспасөз қызметі 10.06.2023 13:51 676

Ақтауда 26 университет командасының қатысуымен өткен XII жазғы Универсиаданың футзал ойындары өз мәресіне жетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Тартысты ойын нәтижесінде жартылай финалға төрт команда іріктеліп шықты. Алғашқы кездесу Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті (Korkyt Ata University) мен Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University) арасында өтті.

Екінші ойында Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Abai University) мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті (Zhubanov University) кездесті.

Финалға Yessenov University мен Abai University шықты. Қорытынды ойын Abai University пайдасына шешілді.

Осылайша, I орынды Abai University, II орынды Yessenov University иеленді. III орын Zhubanov University бұйырды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға