Жаңалықтар

Ақтауда үш бала жоғалды

Ақтауда үш бала жоғалды
Фото: Коллаж El.kz 20.12.2023 10:39 1239

 Ақтауда бір бала мен екі жасөспірім жоғалып кетті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысының Полиция департаменті 2007 жылы туған Ақниет Балқан, 2006 жылы туған Қуанышбек Ахманов және 11 жастағы Шерхан Сәрсенбекті іздестіруде.

Ақниет Балқан 10 желтоқсанда үйінен (27-шағынаудан, 52-ғимарат мекенжайы бойынша) шығып, әлі оралмаған. Құқық қорғау органдары мәліметінше, Ақниет орташа денелі, бойы - 160 сантиметр, шашы қара.

2012 жылы туған Шерхан Сәрсенбек 17 желтоқсанда сағат 15:00-де 29-а ықшамаудан, КФС мекенжайындағы анасының дәмханасына барған. Кейін сағат 18:00-де ол үйіне жаяу барған, әрі қарай қайда екені белгісіз. Бойы - 140 сантиметр, шашы қара. Үстінде қара күрте, ақ кроссовка және қара шалбар болған.

17 желтоқсанда 2006 жылы туған Қуанышбек Ахманов жоғалып кеткен. Бойы – 170 сантиметр, орта денелі, шашы қара. Үстінде көк күрте, ақ көйлек және қара шалбар болған.

Полиция жоғалғандар туралы мәлімет білетіндерден +7 700 911 72 92 немесе 102 телефондарына хабарласуын сұрайды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға