Жаңалықтар

Ақтауда суға кеткен жасөспірімді құтқарушылар аман алып қалды

Ақтауда суға кеткен жасөспірімді құтқарушылар аман алып қалды
02.07.2023 14:46 697

Маңғыстау облысында Каспий теңізінде жүріп суға кеткен жасөспірім дер кезінде құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бүгін облыстық төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары Каспий теңізі жағалауында суға түсуге арналған жабдықталмаған жерде,  жылжымалы авариялық-құтқару пунктінде кезекшілік атқару кезінде 2006 жылы туған жасөспірім құтқарғанын мәлімдеді. Жағаға алып шыққаннан кейін жасөспірімге медициналық көмек қажет болмаған. 

Осы орайда төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырып отыр. Құтқару қызметі жазда су айдындарында қауіпсіздіктің белгілі бір ережелерін сақтау керектігін тұрғындардың қаперіне сала отырып, арнайы жабдықталмаған бейтаныс жерлерде шомылудан аулақ болуға үндейді. Сондай-ақ, балаларды үнемі бақылауда ұстап, оларға судағы қауіпсіздік туралы айтуды ескертеді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға