Жаңалықтар

Ақтауда суға батқан баланы құтқарған алматылық жасөспірім марапатталды

Ақтауда суға батқан баланы құтқарған алматылық жасөспірім марапатталды
Фото: Маңғыстау облыстық ТЖД 01.08.2023 14:15 845

Ақтауда суға батып бара жатқан баланы құтқарған алматылық жасөспірім Амир Аббасов марапатталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мұрат Мұханов 16 жастағы Амир Аббасовқа Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Суға батқанды құтқарғаны үшін» медалімен мараппаттап, арнайы сыйлық табыстады.

Естеріңізге сала кетсек, Амир Аббасов 16 маусым күні теңізге батып бара жатырған баланы құтқарған еді. Теңіз жағасында серуендеп жүрген 16 жасар азамат суға батып жатырған баланы көріп, ойланбастан суға секірген. Өз басын қатерге тіккен Амир Аббасов бұл ерлігін азаматтық борышы санайды.

Алматылық жасөспірімнің өзі де, ата-анасы да Ақтаудың тумасы. Жаз айында Амир Аббасов ата-әжесіне қыдырып келіп тұрады.

Мен ұлымның бұл ерлігін мақтан тұтамын. Дегенмен сол сәтте ұлымның өмірі үшін алаңдағаным рас. Баламның ерлігін ескеріп, марапаттаған азаматтарға алғысым шексіз. Балаларымыз аман болсын! - деді Амир Аббасовтың анасы Сәуле Бекмұхамметова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға