Жаңалықтар

Ақтауда студенттер жатақханасы ашылды

Ақтауда  студенттер жатақханасы ашылды
Фото: Маңғыстау облыстық білім басқармасы 07.03.2024 21:47 428

Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінің студенттер жатақханасы ашылды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Заман талабына сай жарақтандырылған  500 орындық жатақхана 5 қабат, 240 бөлмеден тұрады. Жатақханада санитарлық-гигиеналық үй-жайлар, демалыс бөлмесі, компьютерлік сынып, оқу залы, медициналық пункт, кір жуатын орын, үтіктеу бөлмелері, барлық қажеттілігі бар буфет, спорт алаңдары бар.

Салтанатты жиынға облыс әкімінің орынбасары Қанат Құлжанов, білім беру саласының қызметкерлері, мемлекеттік органдардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, «NCOC» компаниясының өкілдері, Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінің серіктес мекемелері, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өкілдері, колледждің ардагерлері және ата-аналар мен колледж студенттері қатысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға