Жаңалықтар

Ақтауда Қазақ-неміс инжиниринг институты ашылады

Білім ордасы биыл күзден бастап студенттерді қабылдайды
Ақтауда Қазақ-неміс инжиниринг институты ашылады
Фото: in-regional.ru 15.02.2023 02:20 942

Ақтау қаласында Қазақ-неміс инжиниринг институтын құру бойынша жұмыс жүргізілуде, деп хабарлайды Еl.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақ-неміс инжиниринг институтын биылғы жаңа оқу жылынан бастап логистика және энергетика мамандықтары бойынша студенттерді қабылдап, ағылшын, неміс тілдерінде оқыта бастайды. Білім алушылар 8 бакалавриат, 6 магистратура мамандықтары бойынша қос дипломға және үш дипломға ие болады. 2030 жылға дейін мың студентті оқытып, облыстағы Green Hydrogen жобасына қажетті кадрлар дайындап шығару жоспарланды.

Бұл туралы Yessenov University-де өткен «Маңғыстаудың тұрақты дамуының инженерлік бағыттағы Қазақ-Неміс серіктестігі» такырыбында дөңгелек үстелде айтылды.

Маңғыстау облысының әкімі, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілі, DEAD, SVEVIND және басқа да университет серіктестері қатысқан дөңгелек үстелдің мақсаты – перспективаларды анықтау және үздік неміс тәжірибесін енгізу; экономика қажеттіліктерін ескере отырып, сапалы инженерия мамандарын даярлаудың өзектілігін талқылау. Сонымен қатар Германия жоғары oқy орындары мен Yessenov University кәсіби және мәдени ынтымақтастығын нығайту көзделіп отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға