Жаңалықтар

Ақтауда мүгедектігі бар жандарды қайыр сұрауға мәжбүрлеген

Ақтауда мүгедектігі бар жандарды қайыр сұрауға мәжбүрлеген
Фото: © Unplash 24.04.2024 15:15 315

Ақтауда ерекше қажеттілігі бар жандарды қайыр сұрауға мәжбүрлеген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Олар «Кедергісіз қала» пилоттық жобасын жүзеге асыру барысында анықталған.

Заңсыз әрекеттердің жолын кесу мақсатында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті облыстық прокуратурамен келісе отырып, бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде 22 сәуірде құқықбұзушылыққа қатысы бар тұлғалар ұсталды.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық кодексінің 128-бабы 2-бөлігінің 1,6 тармақтары «Адам саудасы» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға